Ақорда Алматы қаласының бұрынғы әкімі Ерболат Досаевтың Президент аппаратына жаңа қызметке тағайындалғанын жариялады, деп хабарлайды "Адырна".
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды», – деп хабарлайды Ақорда.
Айта кетейік, Досаев 2022 жылдың 21 қаңтарында Алматы қаласының әкімі болып тағайындалған. Ал 2025 жылдың 24 мамырында Алматы қаласының әкімі қызметінен кеткен еді.