Продюсер Баян Алагөзова коронавирус жұқтырғанын айтты

637
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/7DzLdQcuLL809AiJqjbsiFYSduqKoSAi581U1GOk.jpg

Белгілі продюсер Баян Алагөзова Түркияда демалыста жүргенде коронавирус жұқтырып, қатты ауырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Азаттық рухына сілтеп.

Оның айтуынша, шетелде жүрген кезінде алғашқы әлсіздік белгілері байқалған. Қазақстанға оралған соң сырқаты асқынып, он күн бойы төсектен тұра алмаған.

«Достар, мені сағынған боларсыздар! Ұзақ уақыт тікелей эфирге шыға алмадым. Жуырда Түркияға барып, демалып келдім. Айтпақшы, осы аралықта коронавируспен ауырып шықтым. Бұл жолы қалай ауырғанымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Түркияда жүргенде-ақ әлсіздік сезіле бастаған еді, елге келген соң он күн төсектен тұра алмай қалдым. Сақ болыңыздар, вирус әлі тарап жүр», — деп жазды продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында.

Алагөзова жазбасында жұртшылықты сақтық шараларын ұмытпауға шақырды.

Комментарии
Другие материалы