Алматыдағы металл қабылдау бекетінде жарылыс болып, үш адам қаза тапты

1962
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/3yKSF0whorHPb2ToDcp6v6NaNSeSSWc3NjCuQhT9.jpg

Алматы облысының Іле ауданындағы металл қабылдау бекетінде белгісіз зат жарылып, үш адам көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қайғылы оқиға орнына полиция, өрт сөндірушілер және жедел жәрдем қызметі жеткен.

 Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қаза тапқан үш адамның денесі табылды.

«Іле ауданында орналасқан металл қабылдау пункттерінің бірінде болған қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жарылыстың себептері мен мән-жайы анықталуда. Барлық тергеу әрекеттері заңнамаға сәйкес жүзеге асырылып жатыр», — делінген ведомство хабарламасында.

Қазір оқиғаға байланысты тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Комментарии
Другие материалы