Атырауда төтенше жағдай жарияланды

748
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/fAO3eAyHdg0CvyrGWq4vf6z51IdNwG2DdhLtj8FF.webp

Атырау облысының бір ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай енгізілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Zakon.kz-ке сілтеп.

Бұл шешім аудандық әкімдік жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының қорытындысы бойынша қабылданды.

Төтенше жағдайға Қиғаш және Шарон өзендері мен олардың арналарының, сондай-ақ Каспий теңізінің тартылуы себеп болды.

Салдарынан ауданның балық шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы зардап шегіп отыр. Әсіресе каналдарда судың болмауы егістік жерлерді суаруды және жайылымдарды қамтамасыз етуді қиындатқан.

«Құрманғазы ауданы әкімдігі жанынан жедел штаб құрылып, оның жұмысына әкім орынбасары Марат Хасанов жетекшілік етеді. Арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, қажетті техникалық және қаржылық есептеулер жүргізілуде», – деді облыс әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі Руслан Жұмағазиев.

Мамандардың айтуынша, судың деңгейінің төмендеуі бағалы балық түрлерінің уылдырық шашуы мен көшуіне кері әсерін тигізіп отыр. Сонымен қатар, шекара күзеті, құқық қорғау органдары және балық кәсіпорындарының кемелерінің қозғалысы қиындаған.

Комментарии
Другие материалы