Қазақстандықтар Ай тұтылуын тамашалады

883
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/NhqUkMhGY77fNvYUQWegoZdfwAcREhwToW4L4Y3a.jpg

Қазақстандықтар сегізінші қыркүйекке қараған түні сирек кездесетін ғарыштық құбылыс толық Ай тұтылуын тамашалады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл — биылғы жылдың соңғы Ай тұтылуы.

Фесенков атындағы астрофизика институтының мәліметінше, процесс Астана уақыты бойынша 7 қыркүйек күні 21:27-де Айдың Жердің жартылай көлеңкесіне енуімен басталған. Біртіндеп оның сәулесі солғын тартып, 22:30-да Жердің көлеңкесіне толық кірді.

Айға қызыл-қоңыр рең берілгендіктен тұтылу “қанды Ай” деп аталады. Ең жоғарғы сәті 23:11-де тіркелді, ал түн ортасына қарай Ай өзінің әдеттегі күміс түсті бейнесіне қайта енді.

Астрономиялық шоу толықтай түн ортасына қарай аяқталды.

NASA мәліметіне сүйенсек, тұтылуды Қазақстаннан бөлек Еуропаның көп бөлігі, Азия, Африка және Австралия тұрғындары да бақылай алған. 

Комментарии
Другие материалы