Көлік нөміріне енді есім жазуға болады. Өзбекстанда жаңа қаулы шықты

927
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/sIIM0LIhz6T59VAtmYVu4CQltdu8oyxzjgWKUn8m.jpg

Фото: “Водители Ташкента” Facebook тобынан

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Өзбекстанда автокөлік құралдарына арналған «бірегей» мемлекеттік нөмірлерді электрондық аукцион арқылы алу мүмкіндігі пайда болады. Бұл бастама Үкіметтің тиісті қаулысы негізінде жүзеге асырылады, деп хабарлайды “Адырна”. 

Жаңа ереже бойынша, көлік иелері алтыға дейінгі әріптерден және (немесе) сандардан тұратын ерекше нөмірлерді таңдауға мүмкіндік алады.

 Жауапты орган ретінде «Өзавтомотобелгі» мемлекеттік унитарлық кәсіпорны белгіленіп отыр. Кәсіпорын аукцион өткізу арқылы мұндай ерекше нөмірлерді заңдастырылған түрде үлестіретін болады.

Мәселен, енді көшелерден «САРВАР», «АЗИЗА», «ОДИЛ» немесе «БҰХАРА» деп жазылған нөмірлі көліктерді көруіміз мүмкін.

 

Комментарии
Другие материалы