Талғарда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Оқиға 6 қыркүйек күні таңертең болған.
Алдын ала мәліметке сәйкес, шақыруға бара жатқан арнайы көлік Lexus RX 300 автокөлігімен соқтығысып, аударылып қалған.
“Жол-көлік оқиғасы салдарынан жедел жәрдем жүргізушісі жеңіл жарақат алды. Сондай-ақ медициналық қызметкер мен екінші көліктің жүргізушісі тексерілу үшін Талғар орталық аудандық ауруханасына жеткізілді”, — делінген ресми хабарламада.
Алматы облыстық полиция департаментінің дерегінше, алдын ала болжам бойынша арнайы көлік жүргізушісі бағдаршамның қызыл жарығына өтіп кеткен. Аталған факті бойынша әкімшілік іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.