Зеленский Путинді Киевке шақырды

1586
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/HmlpohrrJ8jCsL86UQHbK1P4cx6pdBEGWgoMY8x9.webp

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей басшысы Владимир Путинді Киевке келіссөз жүргізуге шақырды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Бұл туралы ол 5 қыркүйекте ABC News арнасына берген сұхбатында айтты.

«Ол Киевке келе алады. Мен Мәскеуге бара алмаймын, өйткені елім күн сайын зымырандармен атқыланып, шабуылға ұшырап жатыр. Террористің астанасына бару мүмкін емес», – деді Зеленский.

Сол күні бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Владивостоктағы Шығыс экономикалық форумында «бейбіт келіссөздер үшін ең қолайлы орын – Мәскеу» екенін мәлімдеген болатын. Ол Зеленскийдің Ресей астанасына келуіне «100 пайыздық қауіпсіздік кепілдігін» беретінін айтқан.

Зеленскийдің пікірінше, Путин шын мәнінде соғысты тоқтатуды қаламайды және «АҚШ-пен ойын ойнап отыр».

Айта кетейік, бұған дейін Германия канцлері Фридрих Мерц пен Франция президенті Эммануэль Макрон да келіссөз алаңын іздеу қажеттігін көтерген. Ал Швейцария, Австрия, Ватикан, Түркия және Парсы шығанағындағы үш мемлекет екі ел басшыларының кездесуіне алаң ұсынуға дайын екенін мәлімдеген еді.

Комментарии
Другие материалы