Абай облысының білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды

1063
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/S5kSlWm2sSTa6RIpfVflRlbKw7H6Y2dkNILMhG6M.jpg

Абай облысының білім басқармасының басшысы болып Ердембеков Бауыржан Амангельдыұлы тағайындалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады.

Бауыржан Ердембеков 1974 жылы Семей қаласында дүниеге келген. 1996 жылы Семей мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша, ал 2016 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1991 жылы Жарма ауданы Асқаралы ауылындағы Лекеров атындағы мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған. Әр жылдары түрлі жоғары оқу орындарында декан, проректор, кафедра меңгерушісі, ректор қызметтерін атқарды.

Сондай-ақ ол Шәкәрім университетінің ректоры, «Абай және ұлттық руханият» ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері болды. Соңғы қызметі — Шәкәрім университетінде қазақ филологиясы және журналистика кафедрасының профессоры.

2025 жылғы 5 қыркүйектен бастап Абай облысы білім басқармасының басшысы қызметіне кірісті.

Комментарии
Другие материалы