Тәжікстанда археологтар отқа табынушылар бейнесін тапты

1845
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/fpZe3Gb0FkKgdq62ZpjXwsOEfLuPeb94ZC7nK9Ed.png

Тәжікстандағы Санджар-шах соғдылық қонысынан археологтар отқа табыну ғұрпын бейнелеген бірегей қабырға суретінің фрагменттерін тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ғалымдардың айтуынша, табылған сурет VIII ғасырға тиесілі. Ол араб наместнигі Наср ибн Сайяр билік еткен кезеңде салынған монументалды сарайдың ішінде орналасқан. Кейін жойқын өрттен кейін сарай шаруашылық нысандарға айналдырылған. «Тікбұрышты зал» деп аталатын бөлікте 30 фреска фрагменті табылды.

Фрескада жауынгерлердің жындармен шайқасынан бөлек, аса сирек кездесетін көрініс – от құрбандық үстеліне қарай бет алған төрт абыз бен бір бала бейнеленген. Мұндай сюжет соғдылық өнерде бұған дейін тек остеарийлерде (сүйек сақтайтын орындарда) ғана кездескен.

Қалпына келтірілген суреттер арқылы алғаш рет абыздардың сыртқы бейнесін көруге мүмкіндік туды: қысқа шаш, сақал, белдікті ұзын киім, сөмке және ауыз-мұрынға тағылатын арнайы маска (padām).

Бұл дәстүр зороастризм дінбасыларының бүгінгі күнге дейінгі тәжірибесінде сақталған.

Комментарии
Другие материалы