Ешкім бұл "ұят емес пе?" "намыс қайда?" демейді...

2091
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/syvephI6OFzZU4znXBdpoWUMqrYcafymMqsUN2fS.jpg

Жуырда Мәскеуден бір демограф келіп, ерекше көбейіп жатырсыз, "мықтысыздар" деп кетті... Әйтеуір бізде бірдеңе бола қалса, Мәскеуден біреу міндетті түрде келіп, "басымыздан сипап", "мәләдес" деп кетеді. Үйреншікті жағдай...

Е.Шульгина, А Дугин, Л.Млечин, тағысын тағы.

Осындайдың ондағаны, тіпті жүздегені бар.

Олар "қымбат" болса, Украинадан келіп біреу бізге "жол сілтемек" болады...

Бұл бүгінгі күнгі ғана жағдай емес.

Бұл кезінде империя қалыптастырып кеткен қанға сіңген әдет...

******

Осыған, ешкім бұл "ұят емес пе?", "намыс қайда?" демейді. 

Тиісуге Джей Ло бар. 

Ыңғайлы.

Жауап қайтармайды.

Ол - "ақ жүрек" кісі.

Әнін айтсаң, концертіне барсаң болғаны. Мәз.

Оған басқа ештеңе де керек емес.

Қиыны - осы шеттен келетін "мамандар".

Көбі бізді ақымақ көретін сияқты.

Көрмесе, олай сөйлемес еді.

Үйретпес еді.

Өздері біздің тілде бір сөз білмей Қазақстан бойынша "маман" болып алады.

Бұлары қалай?))

Дамыған ел ғылымында алдымен сол елдің тілін үйретіп, сонан соң ғана жергілікті қоғам туралы жазуға рұқсат етеді. Себебі дерек сол қоғамнан, сол тілден алынуы тиіс.

РИ, КСРО, РФ - те бұл қағидат сақталмайды.

Біздің тарих, этнографияны "зерттеп", мұра қалдырған империя өкілі қаншама дейсіз?!

Біреуі біздің тілді білсейші...

Білмейді!

Ал біздің "соқырлар" солардың кітабын "Құрандай көреді". Сосын ештеңесі жоқ "номадпыз", "ру - тайпа" деп шапқылайды.

Біздің бай мәдениет, оның айнасы - ана тіліміз "жайына қалады". Оларға тіл маңызды емес.

Мәскеу маңызды.

Біздің қазіргі жағдайымыз осы.

Келесі ұрпақ түзетпесе, намыс пен ақыл оянбаса, мынадаймен біз дербес түрде дами алмаймыз...

Dulat Bakishev

Комментарии
Другие материалы