Шығыс Қазақстан облысы аумағында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
28 тамыз күні сағат 07:54-те болған. Зілзала магнитудасы 4,5 балды құрады.
Эпицентрі – Күршім ауылынан 7 шақырым оңтүстік-шығыс жақта орналасқан.
Айта кетейік, бұған дейін, 27 тамызға қараған түні Каспий теңізі маңында жер сілкінісі болған еді. Оның эпицентрі Ресейдің Дагестан аумағында тіркелді. Жерасты дүмпуі Ақтау тұрғындарына да сезілген.