Ислам Сәтпаев Азия чемпионатында топ жарды

1541
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/4i8a2cp4kjzESIhLjMAcAh76vsthSvySYtoxJ53j.jpg

2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, нысана көздеуден Қазақстан құрамасының өкілі Ислам Сәтпаев Шымкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды. Бұл туралы бүгін, 21 тамызда Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Спортшы 10 метрлік пневматикалық винтовкадан ату бағдарламасында алтын медаль иеленді. Финалда ол 250,1 ұпай жинады.

Екінші орынға 249,8 ұпаймен қытайлық Лу Динкэ жайғасты. Оңтүстіккореялық Пак Хаджун 228,7 ұпай жинап, қола медальға ие болды.

Комментарии
Другие материалы