“Бір күндік неке”. Әлеуметтік желіде ер адам сынға ұшырады

839
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/3wIj6NgUlnOjVxrTmGQ34tMsrr5LqEsB8didKyxT.jpg

Әлеуметтік желілерде дін атын жамылып, "бір күндік неке" ұсынғандар сынға ұшырады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

TikTok-та бір азамат қыздарға «бір күндік неке» ұсынып, өзін намаз оқитын адам ретінде көрсеткен. Ол жариялаған бейнежазбасында дін туралы айтқан.

«Дінімізде бір күндік неке бар, ұнатқан қыздар маған келсін. Түн өткізген соң ұнамаса, талақ айтып кете саламыз», – деген.

Бұл ұсыныс желі қолданушыларының ашуын туғызып, көпшілік оның әрекетін «дін туралы теріс ұғым», «жастарды азғыру» деп бағалады.

Комментарии
Другие материалы