Сушиден уланған. Ақтөбеде сегіз адам ауруханаға түсті

991
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/sm5XV8zHxEr0TLSPMzO8oJ4FP9910feJCif1Prtr.jpg

Ақтөбеде сегіз адам суши жегеннен уланып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Дәрігерлердің мәліметінше, зардап шеккендердің барлығы жоғары қызбамен, құсумен, іш өтуімен және іштің ауыруына шағымданып келген. Екі адамды жансақтау бөліміне жатқызуға тура келген.

“Бүгінгі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бактериологиялық талдаулар жасалып жатыр. Олардың барлығы суши мен роллдарға тапсырыс берген”, – деді Ақтөбе облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары.

Медициналық мекеме дерегінше, барлығы сегіз адам дәрігерге жүгінген. Олардың екеуі – балалар. Қараудан кейін екі ересек адам стационарда емделуден бас тартқан.

Комментарии
Другие материалы