Жыл басынан бері 52 оқиға. Астанада терезеден құлаған балалардың саны жарияланды

905
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/97TAejpN8DThHYeEOi9jg74V4dBK3GIpKBQN7VEU.webp

Астанада 2025 жылдың басынан бері балалардың терезеден құлауына байланысты 52 оқиға тіркелді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ресми деректерге сүйенсек, аталған оқиғалардың салдарынан 39 жасөспірім түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Өкінішке қарай, 13 жағдай қайғылы оқиғамен аяқталып, балалар қаза тапқан.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, тұрғын үйлерде терезелерге қорғаныс торлары мен арнайы блокаторлардың орнатылмауы, ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыруы және кішкентайларды үлкен балаларға сеніп тапсыруынан терезеден құлауға себеп болған.

Құтқарушылардың айтуынша, көпқабатты үйлердегі қауіпсіздік талаптарының сақталмауы қайталанатын оқиғалардың басты себебі болып отыр.

Айта кетейік, жуырда Павлодарда да осындай жағдай болған еді. 9 жастағы бала көпқабатты үйдің балконынан құлап, ауыр жарақат алған. Дәрігерлер оның сүйектері сынғанын хабарлаған.

Комментарии
Другие материалы