Шерзат Полат ісі. Куәгер екі қызға қатысты қылмыстық іс қозғалды ма?

929
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/snQ2edXTWK1KxcpFvbhh0gHHHt9ibsye9O6CgCon.jpg

 Шерзат Полат ісіне қатысты куәгер екі қызға қылмыстық іс қозғалды ма? Бұл сұраққа прокуратура жауап берді, деп хабарлайды "Адырна".

Бұған дейін сотта екі қыз куәгер мен тағы екі адамға қатысты жекеше қаулы шығарылғаны хабарланған.

Алайда Алматы облысының прокуратурасы аталған қаулының заңды күшіне енбегенін мәлімдеді, себебі екі тарап апелляция шағымын түсірген.

«2025 жылғы 5 маусымдағы Алматы облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соттың жекеше қаулысы Қылмыстық-процестік кодекстің 414-бабына сәйкес, тараптар сот актісіне апелляциялық шағым бергендіктен, заңды күшіне енген жоқ. Қылмыстық іс облыстық соттың өндірісінде, сондықтан процессуалдық шешім жекеше қаулы заңды күшіне енгеннен кейін қабылданады», – деп хабарлады прокуратура.

Комментарии
Другие материалы