Астанадағы LRT қашан іске қосылады? Қала әкімінің дегені

2100
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/BDpfw9CPJazXlaffW3qMoZbW6wQVhzyQ8fo3I4TC.jpg

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қаладағы жеңіл рельсті көлік (LRT) желісінің іске қосылу мерзімі мен алдын ала жолақысы туралы айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Тұрғындармен кездесуде әкімнен LRT-ның тестілік іске қосу мерзімі кейінге шегерілмегенін сұрады.

"Ештеңе өзгерген жоқ, біз қыркүйекте тестілік режимде алғашқы құрамдарды іске қосуды жоспарлап отырмыз. Тест нәтижелері бойынша нақты пайдалануға беру мерзімі анықталады. Әдетте, тестілік кезең үш айдан алты айға дейін созылады", — деді Қасымбек.

Бұл сөздерге сүйенсек, LRT толыққанды түрде 2026 жылдың басында жұмысын бастауы мүмкін.

Жолақысына қатысты әкім жобада бір реттік сапар құны 200 теңгеге дейін деп қарастырылғанын айтты. Дегенмен, нақты тариф осы жылдың соңына дейін бекітіледі.

Комментарии
Другие материалы