Астанада қыздың бөксесін ұстаған 6 баланың әкесі қамалды

1206
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/62ln4CWnDPeOD1bRDXeM9oUl230KjypJfCd6GqSt.webp

13 тамыз күні Астанада ер адам көшеде қызға тұрпайылық көрсетіп, жыныстық бопсалау әрекетін жасады. Оқиға бейнежазбаға түсіп, көп ұзамай күдікті ұсталып, жеке басы анықталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Пилатес жаттықтырушысы құрбысымен бірге хоккей мектебінің терезесін жуып жатқан. Олар телефонға бейнежазба қосқан.

Сол сәтте жасы үлкен ер адам қыздың жамбасынан сипап, түрі бейнеге түсіп қалған. Жәбірленуші дереу полицияға шағымданып, құқық қорғау органдары күдіктінің жеке басын анықтады.

58 жастағы, 6 баланың әкесі болған ер адамға қатысты «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалып, ол 5 тәулікке қамауға алынды.

Комментарии
Другие материалы