Түркия экраноплан технологиясымен ұшатын дрон жасады (ВИДЕО)

897
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/X9fNMH7BgXawu3OSYjqvEIhHA95gxQM6CvJUSTOY.webp

Түркияның Solid Aero компаниясы «TALAY» атты дрон-камикадзені таныстырды. Ұшқышсыз басқарылатын құрал судың үстінде төмен ұшып, нысандарды жоюға қабілетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Interesting Engineering мәліметінше, дрон экраноплан технологиясын қолдана отырып, теңіз деңгейінен үш метр биіктікте тыныш әрі байқалмай ұша алады. Құрылғы жиналмалы қанаттармен жабдықталған және сағатына 200 шақырымға дейінгі жылдамдықпен 30 килограмға дейін пайдалы жүктемені көтеру мүмкіндігіне ие.

Жаңа TALAY ұшқышсыз ұшағын патрульдеу, барлау, соққы беру немесе жүктерді тасымалдау үшін пайдалануға болады, ал мұндай көліктердің үйіндісі үлкен кемелер үшін нақты қауіп болуы мүмкін.

Комментарии
Другие материалы