Ақ үйдегі өзгеріс. Трамп Обама мен Буштардың портретін көзге түспейтін жерге ауыстырды

2010
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/W33AaWTXakoa1AYqKAWbbU71vWldKOttOd9Q0Pog.jpg

Фото: GETTY IMAGES

АҚШ президенті Дональд Трамп бұрынғы президент Барак Обаманың портретін басқа жерге ауыстыруға бұйрық берді. Бұл туралы CNN жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Ақпаратқа сәйкес, кіші Джордж Буш пен оның әкесі Джордж Буштің портреттері де орын ауыстырған. CNN дерегінше, Трамп Обаманың портретін Ақ үйдің баспалдақтарының жоғарғы алаңына көшіруді тапсырған. Енді ол күн сайын Ақ үйге келетін мыңдаған келушінің көзінен таса жерде тұр. Екі Буштың да портреті осы баспалдақ аймағында орналасқан.

Көптеген дереккөз президенттің Ақ үйдің эстетикасына қатысты іс жүзінде барлық мәселеге тікелей араласатынын айтады.

CNN атап өткендей, бұл Обаманың портретінің орны ауысқан алғашқы жағдай емес. Сәуір айында ол Ақ үйдің кіреберіс вестибюлінің (Grand Foyer) қарама-қарсы жағына ауыстырылған. Оның орнына Пенсильвания штатының Батлер қаласында өткен сайлауалды митинг кезінде Трампқа жасалған қастандық әрекетін бейнелейтін картина ілінген.

Еске салайық, Дональд Трамп Барак Обаманы 2016 жылғы президенттік сайлауда алаяқтық жасады деп айыптаған болатын.

 

Комментарии
Другие материалы