Ресейшіл партияны қаржыландырғаны үшін Гагаузия басшысы 7 жылға сотталды

1481
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/PphieIO5YXaLv9PZOJrDpa0SM2tdYvyCIJoS0ke7.jpg

Кишинёв қаласында өткен сот отырысында Молдова құрамындағы автономиялық аумақ Гагаузияның басшысы Евгения Гуцул ресейшіл «Шор» партиясын заңсыз қаржыландырғаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы NewsMaker басылымына сілтеме жасап. 

Сонымен қатар «Шор» партиясының хатшысы Светлана Попан да алты жылға сотталды. Айыпталушылар Молдова Конституциялық соты тарапынан қызметіне тыйым салынған, ресейшіл деп танылған «Шор» партиясын заңсыз қаржыландырды деп танылған.

Прокуратура Евгения Гуцулға тоғыз жыл жаза талап еткен, бірақ сот оны жартылай жабық мекемеге жеті жылға қамауға үкім шығарды. Сонымен қатар, Гуцул мемлекетке 40 миллион молдова лейін (шамамен 2,2 миллион АҚШ доллары) қайтаруға міндеттелді. Тергеу бұл қаражаттың партияны заңсыз қаржыландыруға пайдаланылғанын мәлімдеді.

Гуцул мен оның жақтастары айыптауларды жоққа шығарып, бұл істің саяси астары бар екенін айтты. Сот отырысы кезінде Кишинёвтегі сот ғимараты маңын полиция қоршауға алды. Ол жерде Гуцулды қолдаушылар жиналды.

Комментарии
Другие материалы