Дина Таңсәрі Черногориядан саяси баспана алды

1881
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/eGbKNOb3PH7FaCOf8edX03RjzxjlGJkBg4rTnjaD.jpg

«НеМолчиKZ» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі мен оның жұбайы Алмат Мұхамеджанов екеуі Черногориядан саяси баспана алды. Бұл туралы отбасына басынан бастап қолдау көрсетіп келе жатқан «Азаматтық альянс» ұйымы айтты, деп хабарлайды "Адырна"

«Осылайша ұзақ әрі күрделі процесс аяқталып, енді Дина Смаилова мен Алмат Мұхамеджанов Черногорияда, қауіпсіз ортада өмірлерін жалғастыра алады», — деп жазды ұйым өкілдері.

Баспана алу процесі шамамен екі жылға созылған.

2024 жылдың сәуір айында Смаилова Қазақстанның сұранысы бойынша Черногорияда ұсталды. Оған елімізде алты бірдей қылмыстық іс бойынша айып тағылған.

Алайда ертесіне-ақ Подгорица соты белсендіні босатып, оның төлқұжатын алып қойып, экстрадициялау процесін баспана беру туралы өтініші қаралғанға дейін тоқтатты.

Смаилованың өзі тағылған айыптарды жоққа шығарды. Дина бұл айыптарды саяси астары бар, қудалау деп есептейді.

Журналистерге берген сұхбатында ол бұл қылмыстық істердің қолдан ұйымдастырылғанын және тікелей өзі басқаратын, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күресетін, полицияның жәбірленушілер өтінішіне немқұрайлы қарауына қарсы бағытталған қор жұмысына байланысты екенін айтқан.

Дина отбасымен бірге Қазақстаннан 2021 жылы кеткен. Алдымен Грузияға көшіп барған. Бірақ бұл ел оған 2023 жылы елге кіруге тыйым салғаннан кейін, Черногорияға қоныс аударған.

Жергілікті құқық қорғау және әйелдер ұйымдары Смаилованы экстрадицияламауға және оған баспана беруге шақырып, ашық үндеу жариялаған.

Ақырында Черногория билігі олардың талабын ескеріп, саяси баспана беру туралы шешім шығарды.

Комментарии
Другие материалы