Туристер мінген қайық аударылды. Вьетнамда 34 адам қаза тапқан болуы мүмкін

1630
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/QB6ydPocpYN91slIgxrMv2bjf0b9ypgLR0mC21ac.jpg

Вьетнамның солтүстік бөлігінде орналасқан Халонг шығанағында туристер мінген қайық аударылып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қайықтың бортында 48 жолаушы, соның ішінде 20-дан астам бала және бес экипаж мүшесі болған. Олардың барлығы Вьетнам азаматтары. Туристердің басым бөлігі Ханой қаласының тұрғындары екені нақтыланды.

Алдын ала мәлімет бойынша, 34 адам қаза тапқан, оның ішінде сегізі — кәмелетке толмағандар. Тағы 11 турист құтқарылған. Қалғандары әзірге із-түссіз жоғалғандар қатарында.

Қайғылы оқиғаға кенеттен басталған найзағайлы дауыл мен қатты жел себеп болуы мүмкін.

Бұл катер 2015 жылы жасалған және 2025 жылдың қаңтарында техникалық тексерістен өткен.

Комментарии
Другие материалы