Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиев ұлы Аланмен бірге Францияның Канн қаласында өткен Knights of Charity атты қайырымдылық ұйымының гала-кешкі асына қатысты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Олар бірге түскен фотоларын жариялады.
17 шілде күні болған іс-шараға жеке билет құны 12 мыңнан 20 мың еуроға дейін болса, жұппен бару – 33 333 еуро, ал 12 адамға арналған толық үстелді сатып алу құны – 120-200 мың еуро аралығында.
Аталған кешке Қазақстанның Тұңғыш Президентінің қызы Дариға Назарбаева да қатысқан.
Сонымен қатар көршілес үстелде Ұлыбритания ханзадасы Эндрюдің бұрынғы әйелі, ханшайымдар Беатрис пен Евгенияның анасы Сара Фергюсон отырғаны байқалған.