11 шілде күні Жамбыл облысындағы Қарасу автомобиль өткізу бекетінде шекарашылар ірі көлемдегі темекі өнімдерін алып өтпек болғандарды ұстады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттцқ порталы.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша барлығы 466 мың қорап темекі тәркіленген.
Темекі өнімдері Қазақстанға ілеспе құжаттарсыз, тасымалданған жүктің ішіне жасырылып кіргізілмек болған.
«Алдын ала есеп бойынша, тәркіленген тауардың құны 233 миллион теңгеден асады», – делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қазіргі уақытта ұсталған жүк тиісті органға тапсырылып, тергеу амалдары жүргізілуде.