Алматы маңындағы тауда жоғалып кеткен 18 жастағы студент өлі табылды

2325
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/0Zyq0MTW73TbGGnzO6yaQ5MYyvmvrtuIUW5DpCOW.jpg

Алматы маңындағы тауларда жоғалып кеткен студент өлі табылды. Бұл туралы Lider.kz еріктілері мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна.

«Қаза тапқан.Табылды. Туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз», - делінген еріктілердің хабарламасында.

Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі жоғалып кеткен жас жігіттің қаза тапқанын растады.

«Денесінде зорлық-зомбылық белгілері табылмады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 18 жастағы Ақылбек Нұрислам 2 шілдеде жоғалып кеткен еді. Туыстарының айтуынша, ол тауға кеткен. Соңғы рет оның телефоны Үлкен Алматы шатқалында тіркелген. Іздеу жұмыстарына 40-тан астам адам қатысқан: Алматының құтқару қызметінің (109) мамандары, республикалық жедел-құтқару жасағы, ТЖД, шекара қызметі, полиция және еріктілер. Сондай-ақ, іздеу жұмыстарына авиация, кинологтар мен дрондар да жұмылдырылған.

Комментарии
Другие материалы