26 жылдан бергі бірінші жолдау. Түрмедегі Оджалан жақтастарын қарусыздануға шақырды

1526
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/P8NMt5wAjrtOg421kflza6GVx3L7MzkIJ2p6EECh.jpg

Бүгін Имралы аралындағы түрмеде жазасын өтеп жатқан Күрдістан жұмысшы партиясының жетекшісі Абдулла Оджалан өз жақтастарына үндеу жасап, қару тастауға шақырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бейнебайланыс арқылы сөйлеген Оджалан:

«Мен қарудың күшіне емес, саясат пен қоғамдық бейбітшіліктің күшіне сенемін. Сіздерді осы ұстанымды ұстануға шақырамын», – деп мәлімдеді.

Қазіргі уақытта Түркиядағы DEM партиясының өкілдері Оджаланмен келіссөздер жүргізіп жатыр. Ел президенті де аталмыш партияның делегациясын бірнеше рет қабылдаған.

Абдулла Оджалан 1999 жылы ақпанда Кенияда ұсталып, Түркияға жеткізілген.

Алғашында өлім жазасына кесілгенімен, кейін үкім өмір бойы бас бостандығынан айыруға өзгертілген. Ол 26 жылдан бері Имралы аралындағы түрмеде қамауда отыр.

Комментарии
Другие материалы