Түркістан облысында жанармай бекеті жарылды

1712
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/03/zhanarmaj.jpg

Түркістан облысында жанармай құю бекетінде жарылыс болып, ірі өрт шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

7 шілде күні Түркістан облысы Қазығұрт ауданына қарасты Тұрбат ауылында жанармай құю бекетінде жанар-жағармай құю кезінде жарылыс орын алып, арты ірі өртке ұласты.

Ақпаратқа сүйенсек, 29 жастағы  жүргізуші ауыр хәлде жатыр. Оның денесінің 85–95 пайызын күйік шалған. Жағдайы өте ауыр деп бағалануда.

Жалын санаулы минуттар ішінде көрші нысандарды да шарпыған. Жарылыстан кейін өрт жанармай бекетімен қатар, қасындағы сауда үйіне, дәріхана мен дүкенге де тараған. Жалпы өрт аумағы 855 шаршы метрді құрады.

Оқиға орнына жақын маңдағы аудандардан және Шымкенттен құтқарушылар жұмылдырылды.

Тілсіз жаумен төрт сағат бойы күрескен.

Комментарии
Другие материалы