Әлеуметтік желіде қазақ-өзбек шекарасында болған жанжалдың видеосы тарады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Jagdai» telegram-арнасының мәліметінше, оқыс оқиға 5 шілде күні болған.
«Бейнежазбадан қазақ азаматы мен өзбек кеденшісі арасында жанжал туындағанын байқауға болады. Жанжал кезінде кеденші қазақстандықты ұрып жіберген»,–делінген хабарламада.
Әзірге Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайға түсініктеме берген жоқ.