Алматыда жасырын жұмыс істеген есірткі зертханасы табылды (ВИДЕО)

1213
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Qu8KpKCpiACrkd8N97svTL0sWi4xQMMEG1mowRnX.jpg

Алматы облысы Қарасай ауданының «Тұрар бақшасы» елдімекенінде жасырын есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды. Бұл туралы бүгін, 7 шілдеде Ішкі істер министрлігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Жедел іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан 11 келіден астам синтетикалық "мефедрон" есірткісі тәркіленді. Нәтижесінде айналымға құны 1,6 млн АҚШ долларын құрайтын шамамен 35 мың бір реттік дозаның түсуіне жол берілмеді. Сонымен қатар зертханаға жүргізілген тінту барысында 20 литр және 115 кг психотроптық зат, сондай-ақ екі тоннадан астам прекурсор тәркіленді. Оларды өңдеу арқылы 120 кг синтетикалық есірткі дайындау жоспарланған»,—делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, қылмыстық ортаға 17,5 млн АҚШ доллары көлемінде залал келтірілген. Қазіргі таңда ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Комментарии
Другие материалы