Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында «Қазақ елі» монументі алаңында ашық аспан астында «Jastar Energy» жастар концерті ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты — жастар шығармашылығын қолдау, заманауи өнерді насихаттау және мәдени белсенділікті арттыру. Концерт аясында көрермендерге танымал орындаушылар мен жас таланттардың қатысуымен музыкалық қойылымдар ұсынылды.
Сахнада Қазақстан эстрадасының жарқын өкілдері өнер көрсетті. Олардың қатарында Мирас Жүгүнісов, Артур, Ерлан Қанатұлы, Madistation, Jazzdauren, Сейфуллин Жолбарыс, Айгүл Иманбаева, Ғаділбек Жанай, «Дос» тобы, Досымжан Танатаров, Нұрлан мен Мұрат сынды танымал әртістер бар.
«Jastar Energy» – бұл тек концерт қана емес, елордалық жастардың шығармашылық әлеуетін танытатын алаң, жаңа идеялар мен мүмкіндіктер тоғысқан мәдени алаң болды. Іс-шара заманауи форматымен ерекшеленіп, елорда тұрғындарына мерекелік көңіл күй мен жағымды эмоциялар сыйлады.