Байқоңырдан «Прогресc» жүк кемесі ұшырылды

1329
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/vkqmqN7A29EpimGcJnP7Xd0eqA0OFq7EKwvg84Sh.jpg

Бүгін, Астана уақытымен 00:32- де Байқоңыр ғарыш айлағының №31 алаңынан «Союз-2.1а» зымыран тасығышы «Прогресс МС-31» жүк кемесімен бірге ұшырылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазТАГ агенттігіне сілтеп.

«Прогресс МС-31» кемесінің Халықаралық ғарыш станциясымен түйісуі жоспар бойынша екі тәуліктен кейін, 4 шілде күні ожүзеге асады.

«Прогресс МС-31» жүк кемесінің ұшырылуы Халықаралық ғарыш станциясы бағдарламасын қамтамасыз ету аясында жүзеге асырылды. Ресейлік жүк кемесі халықаралық станцияға 2625 кг жүк жеткізеді. Оның ішінде: 950 кг орбитаны ұстап тұруға арналған отын, азық-түлік, су, ауа және ғарышкерлерге арналған сәлемдемелер, «Родник» жүйесіне арналған 420 литр ауыз су, 50 кг азот, сондай-ақ станцияны қосымша жабдықтауға арналған 1205 кг құрал-жабдық пен «Виртуал», «Биодеградация», «Фуллерен», «Биополимер», «Импульс» және «Мираж» ғылыми эксперименттеріне арналған жабдықтар бар.

«Союз» зымыранының корпусына кеңес-америкалық «Союз-Аполлон» бағдарламасының 50 жылдығына арналған постер жапсырылды.

Белгілі болғандай, 1975 жылғы 15 шілдеде Байқоңыр ғарыш айлағынан Алексей Леонов пен Валерий Кубасов отырған «Союз-19» кемесі ұшырылған. Жарты сағат өткен соң, Канаверал мүйісінен үш астронавт – Томас Стаффорд, Дональд Слейтон және Вэнс Бранд отырған америкалық «Аполлон» кемесі ұшырылды.

1975 жылы 17 шілдеде «Союз» бен «Аполлон» кемелері түйісіп, алғаш рет екі шет елдік кемеден тұратын орбиталық байланыс орнатқан. Ұшу барысында экипаж мүшелері бір кемеден екіншісіне төрт рет өтті. Ал 19 шілдеде кемелер ажырап, халықаралық миссия аяқталған.

Еске сала кетейік, қазіргі уақытта Халықаралық ғарыш станциясында 73-экспедицияның халықаралық экипажы жұмыс істеуде. Құрамында: станция командирі Такуя Ониси (Жапония), бортинженерлер – Сергей Рыжиков, Алексей Зубрицкий, Кирилл Песков (барлығы – Ресей), Джонатан Ким, Энн МакКлейн, Николь Айерс (барлығы – АҚШ).

Комментарии
Другие материалы