Израиль қарулы күштерінің Иран аумағына жасаған соққылары салдарынан қаза тапқандар саны 935 адамға жетті. Бұл туралы Иран сот билігінің ресми өкілі Асгар Джахангир мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Израильдің АҚШ-пен бірлесіп жасаған шабуылдары салдарынан елімізде шамамен 1 мың адам қаза тапты. Сот-медициналық сараптаманың соңғы деректеріне сәйкес, 935 адамның қазасы тіркелді», — деді ол.
Қаза тапқандардың ішінде 38 бала, 102 әйел бар.
Еске салайық, 13 маусымда Израиль ұшақтары Иранның ядролық нысандарына шабуыл жасаған болатын. Кейіннен Тегеран қарымта ретінде Израильді зымырандармен атқылады.