Солтүстікте Қытай қаржыландырған кәсіпорында жарылыс болды

1509
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ZcJXpBkaESLHtezsLITLz3KlXAnTvxgxvB6Cq7DE.jpg

Солтүстік Қазақстан облысындағы  «Тайынша-май» зауытында жарылыс болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқыс оқиға 25 маусым күні сағат 16:00-де болған.

«Алдын ала ақпарат бойынша жанармай құю кезінде газгольдердің шлангісі үзіліп, газ тасығыш машина, кейінен жерасты резервуар тіреуіш арматурасы жанды», - деді облыстық полиция департаменті.

Оқиға салдарынан 8 адам түрлі дәрежедегі күйік алып, Көкшетау қаласының облыстық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлердің қарауынан кейін бір адам үйіне жіберілген.

Қазіргі таңда өрттің себептері анықталып жатыр. Оқиға фактісі бойынша облыстық ТЖД сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Айта кетейік,  «Тайынша-май» зауыты 2016 жылы «Бір белдеу, бір жол» жобасы аясында салынған болатын.  Кәсіпорынды Қытай инвесторлары қаржыландырған.

Комментарии
Другие материалы