Алматы облысында пойыз екі адамды қағып кетті

964
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ISJdMcrWVDZq6K40XXkMWTOwaf8DHdKrS7r3meU6.jpg

23 маусым күні кешке Алматы облысындағы Ақсеңгер-Бурундай учаскесінде пойыз екі адамды қағып кетті. Олар рұқсат етілмеген жерде жолды кесіп өтіп, локомотивтің сигналдарына жауап бермеген, деп хабарлайды "Адырна". 

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі пойыз машинистінің шұғыл тежеуді жасағанын, алайда қайғылы оқиғаның алдын алу мүмкін болмағанын түсіндірді.

"Олар локомотивтен келген сигналдарға жауап бермеді. Арақашықтық аз болғандықтан соқтығыстың алдын алу мүмкін болмады. Тергеу жүріп жатыр", делінген хабарламада.

Мамандар халыққа теміржолда жүру ережелерін қатаң сақтау керектігін тағы да еске салды.

Көліктегі полиция басқармасының баспасөз қызметі Алматы-1 стансасындағы желілік полиция бөлімі бұл оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғағанын қосты.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.

Комментарии
Другие материалы