Алматы-Бішкек тас жолында жол-көлік оқиғасы тіркеліп, бес адам қаза тапты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Алдын ала мәлімет бойынша, 42 жастағы жүргізуші қарсы бағытқа шығып кетіп, алдымен жеңіл көлігімен, одан кейін жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысқан.
Апат салдарынан бес жолаушы қаза тапты. Қалған зардап шеккендер түрлі жарақаттармен жақын маңдағы медициналық мекемелерге жеткізілді. Жол-патрульдік полициясының хабарлауынша, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.