Тоқаев Санкт-Петербургке барды

3858
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/06/1c79e63d-15ee-44d7-82b1-9d7cf9500b11.jpeg
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен Петербург халықаралық экономикалық форумының 25 жылдығына арналған жиынға қатысу үшін Санкт-Петербургке барды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  Бүгін түске дейін Мемлекет басшысы Татарстан президенті Рустам Миннихановпен және Башқұртстан басшысы Радий Хабировпен екіжақты кездесулер өткізеді. Түстен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Петербург халықаралық экономикалық форумының пленарлық отырысына қатысады. Сонымен қатар Ресей президенті Владимир Путинмен екіжақты кездесу өтеді деп жоспарланған.

”Адырна” ұлттық порталы

Комментарии
Другие материалы