Telegram-да таралған бюллетеньдерді салып жатқан видео Қазақстанда түсірілмеген

3869
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/06/8cb22083-c633-4cfa-95fd-7d2a27c7dc54.png

Telegram-арналарда бюллетеньдерді дауыс беруге арналған жәшікке салу барысы көрсетілген бейнеролик тарады. Ол бүгін, 5 маусымда Республикалық референдум барысында түсірілген деп хабарланды. Алайда, ол -жалған. Бұл туралы stopfake.kz жобасы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Шын мәнінде, бұл видео 2009 жылы Қырғызстанда президенттік сайлау кезінде түсірілген. Оны Желіден тауып, көруге болады. Қолданушылардың жазуынша, бұзушылық Бақай ата ауданындағы № 6071 учаскеде орын алған.

https://youtu.be/W-9NhJBJYjQ

Бүгін Қазақстанда өтіп жатқан референдумға оның ешқандай қатысы жоқ.

Адырна” ұлттық порталы

Комментарии
Другие материалы