8-қабаттан қызды құтқарған азаматқа Дәулеттен үй алып бермек

4350
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/05/izobrazhenie_2022-05-11_164705892.png
Нұр-Сұлтанда 8-қабаттан қызды құтқарып қалған ер адамға блогер Дәулет Төлеутайұлы (Dauletten) Қызылордадан үй алып бермек, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Өз өмірін қатерге тігіп, кішкентай қызды құтқарған 36 жастағы Сәбит Шонтақбаев 4 баланың әкесі. Қызылордада 14 жылдан бері пәтер жалдап тұратын көрінеді.
"Сәбиттің туған жері Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы. Қазір бала-шағасы, әйелі Қызылордада 14 жылдан бері жалдамалы пәтерде тұрады. Өз үйлері жоқ. Бұйырса біз үй алып береміз", - деді блогер.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии
Другие материалы