Ресейдегі жаппай наразылық акциялары биліктің барлық ескертулеріне қарамастан өтіп жатыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Жексенбі күні болған шеруде елдің 86 қаласында 5000-нан астам адам ұсталған.
Екатеринбургте 7000-ға жуық демонстрант шеруге шығып, "Навальныйға бостандық", "Путин ұры" деп ұрандатса, Новосибирскіде наразылар бірден қамауға алынды.
Айта кетейік, Навальныйдың жақтастары саяси тұтқындарды бостандыққа шығаруды талап етуде.
«Адырна» ұлттық порталы