Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары ресейлік әскери аэродромдарға жасалған шабуылдарға қатысы бар күдіктілердің Қазақстанға кеткені туралы ақпарат таратып жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеп.
Mash Telegram-арнасы таратқан мәліметке сәйкес, Украина азаматы Артем Тимофеев пен оның жұбайы Екатерина Тимофеева 28 мамыр күні Қазақстанға көлікпен өткен болуы мүмкін. Олар шекарадан өткеннен кейін әлеуметтік желілеріндегі парақшаларын өшіріп, байланысқа шықпаған. Mash бұл жұптың Астанаға жол жүргенін, өздерінің Telegram-каналында «ит пен мысығымызды алып, Астанаға барамыз» деп жазғанын хабарлады.
«Олар қонақүйге орналасқаны туралы жазба қалдырып, кейін ешқандай мәлімет таратпаған. Telegram арналарын жойып жіберген», – делінген ресейлік ақпарат құралында.
Бұл ақпарат 2025 жылғы
1 маусымда Украина сыртқы барлау қызметі іске асырған ауқымды «Өрмек» әскери операциясымен байланысты тарауда. Операция барысында FPV-дрондар арқылы Ресейдің ішкі аумағындағы төрт стратегиялық әскери аэродромға соққы берілген. Украина тарапының мәліметінше, Ту-95, Ту-22М3 және А-50 сынды 40-тан аса стратегиялық әуе кемесі зақымданған немесе жойылған. Бұл Ресей әскери авиациясына жасалған ең ірі соққы ретінде сипатталуда.Осы жағдайға қатысты қазақстандық әскери сарапшы Дархан Данияров 3 маусым күні пікір білдіріп, «Қазақстан аумағы арқылы операцияға қолдау көрсетілді» деген мәлімдемелерді немесе дилетанттық, немесе қасақана ақпараттық арандату деп бағалады.
Қазақстан әзірге бұл мәселеге қатысты ресми мәлімдеме жасамады.