Ұлытау облысында төрт темір жол вокзалы жаңғыртылады

1340
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/4002b918-4084-49ad-8bc9-12cd02f76d95-960x500.jpeg?token=a5395938481ec38ce9fb02d72802c451
ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасына сәйкес, Ұлытау облысының Жезқазған, Қаражал қалалары және Жаңаарқа кенті мен Қызылжар стансасындағы вокзал ғимараттары толықтай жаңартылады. Қазіргі таңда ғимараттардың техникалық тексерулерін жүргізу және эскиздік жобаларды әзірлеу жұмыстары басталды. Бұл шаралар аяқталғаннан кейін құрылыс-монтаж жұмыстарын дереу бастау жоспарлануда. «ҚТЖ ҰК» акционерлік қоғамының айтуынша, қайта құру жобасында қасбеттерін жөндеу, ішкі әрлеу, вокзал ғимараттарын қажетті бөлмелермен кеңейту және оларды заманауи талаптарға сай модернизациялау қарастырылған. Сонымен қатар, ірі қалалар мен аудандардағы вокзалдарда жолаушылардың ыңғайлы қозғалысы үшін галерея мен перрон салу жоспарлануда.
评论
其他材料