Kaspi-дің акционері басқа банкті де сатып алмақ

1031
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/02/foto-exclusive-kzzz.jpg
Kaspi.kz акционері әрі директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Jusan Bank акцияларының 97,5%-ын сатып алуға өтінім беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
"Мен Jusan Bank акцияларының 97,5% сатып алуға өтініш бердім. Қазір бұл өтінім қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қарауында. Реттеуші өтінімді егжей-тегжейлі зерттегеннен кейін шешім қабылдайды. Мен бұл мәміленің Kaspi.kz компаниясына қатысы жоқ екенін атап өтемін", - деді кәсіпкер Ким. Заң бойынша жасасу үшін мұндай келісімді әуелі алу міндетті, кейін 50 жұмыс күнге дейін өтінім қаралады. Мәміленің егжей-тегжейі туралы ақпарат әлі таралмады.
评论
其他材料