ТӘЖІКТАЛАҒАН...
Қазақ – жаппай витамин жетіспеушілігіне ұшыраған ұлт. Витаминдер мен ағзаға қажетті басқа да микроэлементтердің жетіспеушілігі ұятсыздықты тудырады.
Құрамы түрлі дәрумендерге бай нәрлі ас ішпейтін халықта ұят болмайды. Бір сөзбен айтқанда, кедей халықта ұждан болмайды. Көріп отырмыз – ұзаққа созылған тән азығының жетіспеушілігі халықты жұт жылғы мал сияқты – ындынсыз, ашкөз қып жіберген.
Ал жан азығы – ұлттық рухани қоректің жетіспеушілігі – халықтың азғындалуы мен арсыздануына әкеліп соғады. Мұндай жағдайда идеологиялық хаос орнайды. Осынау идеологиялық дағдарысты реттеу үшін мемлекет рухани вакумды шетелдік экспансиялық қоқыстармен толтыруға тырасып келеді. Алайда текке арам тер болуда. Себебі ешқандай рухани импорт (дін, музыка, телевидение мен сахналарды жаулап алған шетелдік ток шоулардың көшірмелері т.б.) ұлттық рухани қоректің орнын толтыра алмайды. Мұны биліктегі идеология майданына жауапты шенеуніктер білмейді. Білетіндері – дәрменсіз. Себебі Назарбаев режимі ұлтқа болсын деген ұстаныммен елге қызмет ететін, еткісі келетін тұлғаларды (кадрларды) жойып жіберді. Бірен-саран билікте қалғандары бойын жасырып отыр. Өйткені абырой таппайтынын, бұл үшін тіпті жазаланатынын біледі.
Халықтың азып-тозып бара жатқандығының негізгі екі факторы осы. Мұның салдарын көрудей көріп келе жатсыздар. Кеше тағы куә болдыңыздар.
Осыдан кейін "Сананы тұрмыс билейді" – деген К.Марксті әулие демей көр.
Билік халықты бақытты ету үшін осы екі азыққа – жан азығы мен тән азығына қатар "тойдыруы" керек. Сонда 'Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман орнамақ". Қарны тоқ, бірақ жаны аш халық та қауіпті. Сондықтан билік – халықты бақытты һәм бақуатты ету үшін оның жаны мен тәніне қажет осы екі азықпен толық қамтамасыз етуі керек. Бірақ халықты бақытты етем деуші билікті әзірге көріп тұрған жоқпын...