ерін

18468
Adyrna.kz Telegram

20 тамыз күні үш облыстағы 21 ауыл әкімінің сайлауы өтеді. 2023 жылдың соңына дейін барлығы 199 елді мекенде жаңадан әкімдер сайланады, деп хабарлайды "Адырна" сайты. Бұл туралы ҚР мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин мәлімдеді. 

"13 тамызда еліміздің 7 облысында 17 ауылдың әкімі сайланды. Соңғы екі жылда Президенттің саяси реформалар бағдарламасы аясында ауыл әкімдерін халықтың өзі тікелей сайлайтын болды. Осы уақытқа дейін 1 668 ауыл, ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала әкімдері сайланды.
Үміткерлердің 75 пайызын саяси партиялар ұсынса, қалған 25 пайызы өзін-өзі ұсынушылар" деп жазды Ерлан Қарин.

Сондай-ақ, ол сайланған әкімдердің жартысынан астамы (57,4%) бұрын мұндай қызмет атқармағанын, бұл ауыл әкімдерінің корпусы айтарлықтай жаңарғанын айтты.

Бұдан бөлек жергілікті әкімдердің құрамы да біршама «жасарған». Бүгінде сайланған әкімдердің орташа жасы 45 жасты құрайды.

Алдағы жексенбіде, 20 тамыз күні 3 облыстағы 21 ауыл әкімінің сайлауы өтеді. 2023 жылдың соңына дейін барлығы 199 елді мекенде жаңадан әкімдер сайланады.

"Адырна" ұлттық порталы

评论