«Пан-Номадизм» - идеология, объединяющая все кочевые и пост-кочевые народы мира

7187
Adyrna.kz Telegram

Әлемде бар «пан-измдер»

Бүгінгі әлемде талай әртүрлі адам бөлімдерді бір ұқсастыққа қарай біріктейтін глобалдық және регионалдық жобалары бар екен. Әдетте осы жобалар «пан-» деген сөз алды қосымшасымен белгілейді. «Пан-» қосымшасы грек тіліннен «бәрі» деген аударады. Әртүрлі «пан-измдер» бірнеше топқа бөлінеді:

- Тілдік-этникалық, мысалы панарабизм, панславизм, паниранизм, пантүркізм, панмонголизм, және т.б.

- Діндік-идеологиялық, мысалыға панисламизм, панхристиандық, панбуддизм, және т.б.

- Географиялық-өркениеттік, мысалыға паневропеизм, панафриканизм, паназиатизм, және т.б.

Енді осы жоғарыда аталған «пан-измдердың» Еуразиялық көшпенділікке және Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Түркменістан, Мажарстан елдерге, және басқа елдердің ішіндегі Татарстан, Башқұртостан, Қалмақия, Бұрятия, Алтай, Тыва, Шория, Саха, Хакасия, ноғайлар, Мәнжүрия секілді бауырлас пост-көшпенді халықтарға қандай қатынасы бар екен?

Мысалыға, Қазақстан, Моңғолия және Қырғызстанға келесі «пан-измдер» әсер етеді: пантүркізм, панисламизм, панбуддизм, панмонголизм. Оның үстінде тағыда Тұран, Ұлы Дала, Еуразияшылық, Ордашылық, Тәніршілік (пан-бақсылық ретінде) секілді жобалар бар екен.

Бірақ осы аталғандары Еуразияның көшпелі және пост-көшпелі халықтардың идеологиялық қажеттіліктеріне текқана жарым-жартылай сәйкес келеді. Мысалыға, Тұран деген түркі және иран халықтарға жатады, ал моңғол мен тұңғыстарға ол онша қызық емес. Пантүркізм бүкіл түркі-емес көшпендірелді сыртта қалдырады. Панмонголизм да дәл сондай. Ұлы Дала жобасының нақты жобасы жоқ екен. Еуразияшылық пен Ордашылықты бүгін Ресей идеологтар қолына ұстап алған, олардың ішінде көшпелі-емес халықтардың өкілдері.

Тәніршілік төрге діндік-дүниетаным көзқарасын қояды да, және өзінді «текқана көшпелі» идеология деп қарастырмайды. Сонымен қатар тәніршілік басқа діндердің өкілдерін ішке қабылдамайды. Алайда Еуразиялық көшпелі тарихтағы халықтары барлық ең маңызды еуразиялық діндерін ұстанған, оның ішінде ислам, ерте христиандық, иудаизм, зороастризм, буддизм және т.б.

Осылайша, бүкіл жоғарда қарастырған жобалары «бетіне тигізіп, бірақ көзіне тимейді».

Заманауи көшпенділер мен пост-көшпенділері деген кімдер екен?

Осы жағдайдың бір себебі деген - бізде анық «көшпенділік» және «пост-көшпелі халықтары» деген анықтамасы жоқ екен. Еуразиялық көшпенділері дегенде, біз әдетте түркі-моңғол халықтарды ойлаймыз, себебі олар Көшпелі өркениеттің ең атақты өкілдері болып табылады. Бірақ, сонымен қатар Еуразиялық көшпенділерге тұңғыс (шүршіт\мәнжүр), фин-угр, мажар, парс-тілдес көшпенділер, және т.б. жатқан.

Сол үшін этникалық, тілдік, нәсілдік, генетикалық белгілері «көшпенділікті» айқындау үшін келмейді.

Осы көшпелі халықтардың бәрін «көшпелі белгінің» үстінде біріктіру үшін, бізге жаңа, бірінші орнына «көшпенділікке» қатыстық қоятын идеология мен жобасы керек екен. Бұл жоба тіліне, этникалық-нәсілдік тиістігіне, политикалық, діндік, географикалық белгісіне қарамау тиіс.

Бүгінді көшпелі және пост-көшпелі халықтардың тарабынан қарағанда, «Еуразиялық көшпенділері» деген кімдер екен? Бұл деген келесі өлшемдерге сайкес келетін немесе өткен шақта сәйкес келген халықтары:

- Көшпелі малшаруашылық - экономикалық негізі ретінде

- Мал табын мен отарларымен маусымдық жайылымдардың артыңда қозғалуы

- Көшпелі технологиялық құрылыс (уклад)

- Көшпелі менталитеті мен дүние көзқарасы

Осылар және басқа белгілері көшпелі халықтарды және олардың ұрпақтарын отырықшы халықтардан айырады. Осында біз отырықшы халықтарды «сарт» деген ескі көшпелі терминмен белгілейміз. «Сарт» деген бір ел емес, бул негізі отырықшы тұрмыс дәстүрі. Оған қарама-қарсы біз «көшпелі» деген тұрмыс дәстүрін қоямыз.

Яғни, біз «көшпенділік» деген біріктіретін негізін төрге қойсақ, онда «көшпенділік»   жақтаушылардың тарабынан қарасақ, бүкіл адамзат тек «сарт-көшпеліге» бөлінеді, ал қалған ерекшіліктері – тілдік, діндік, нәсілдік, идеологиялық, политикалық және т.б. маңызды емес болып табылады.

Бүгінгі әлемде қай халықтарды немесе топтарды «көшпелі» немесе «пост-көшпелі» деп санауга болады? Бұл өз көшпелі тамырларын ұмытпаған, көшпелі мінезі мен дүние көзқарасын сақтаған, немесе соны белсенді түрде жаңғыртатын халықтары, және көшпелі тарихи мен идеология заманауи ұлттық идеологияның ішіне еңгізген халықтары. Сонымен бірге, осы елдердің ресми қондырмасы кез-келген болу мүмкін – демократия, шариғат, тәніршілік, социализм, капитализм және т.б.

Осындай елдер мен халықтарға бірінші кезекте Қырғызстан, Моңғолия және Қазақстан, одан кейін Ресей, Иран, Ирак, Ауғанистан, Қытайда тұратын көшпелі және пост-көшпелі халыктары, сонымен қатар жарым-жартылай Орта Азия, Түркия, Шығыс Еуропа және т.б. халықтары жатады.

«Пан-номадизм»

Енді бұл жерде біз осы халықтарды көшпелі қатыстылықтың бойынша белгілеу үшін жаңа термин еңгізуіміз қажет. Жоғарда айтылған «пан-измдер» секілді, біз оны «пан-көшпенділік», «пан-номадизм», «пан-кочевничество» деп аталуымыз жөн.  Пан-номадизмның негізіне біз бірінші орнына Көшпелі өркениетке қатысуды қоямыз - жоғарыда аталған белгілер бойынша.

Енді біз «пан-номадизм» басқа бар идеологиялармен қиылысқанын мен айқасқанын түсінуіміз қажет, себебі олар бір-біріне өте жақын. Мысалыға, туранизм, пантүркізм, панмоңғолизм, панисламизм, еуразияшылық, ордашылық, тәніршілік және т.б.

Бұны десек, кез-келген түранист, пантюркист, панмоңғолист, ордашылықшы, тәнірші және еуразияшылықшы автоматты түрде «пан-номадшы» болып табылмайды. Аталғандардің көптігі бүгін өз «сарт өткелден өтіп кеткен», және шынында көшпелі тамырларын ұмытып, нақты «сарт» болып қалған. Бірақ осындай «сарттар» өз түркі, моңғол, еуразиялық немесе тұрандық бірдейлігін ұмытқан жоқ. Осындайларды нақты «көшпелі» немесе «пост-кошпелі» халықтар деп санауға болмайды. Енді олар өз жоғалтқан «көшпенділікті» қайттан жаңғыртуға тырысса, тек сонда олар «көшпелі отбасына» оралу мүмкін - мысалыға бірталай заманауи мажарлардың саны.

Осылайша, «пан-номадизм» тіпті басқа дүние және адамзат көзқарасын ұсынады. Әдетті Шығыс-Батыс, Солтүстік-Оңтүстік, социализм-капитализм, секуляризм-клерикализм, либерализм-консерватизм және т.б. бөлуінің орнында, және национализм, расизм, діндік, тілдік негізінде бөлуінің орнында «пан-номадизм» бүкіләлемдік адамзатты тек «сарт-көшпеліге» бөледі.

Сәйкесінше, әр «сарт» түрлердің пікірлермен салыстырғанда, «пан-номадтың» пікірінде ғалам бейнесі тіпті басқаша көрінеді екен.

Мысалыға, нақты «пан-көшпелінің» көзқарасында біздің Еуразия осылай көрінеді. Еуразиянынң шөл және жартылай-шөл (Ұлы Дала) аумақтарда Көшпелі өркениеттің халықтары көшіп жүрген. Соған бүгінгі Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Түріменістан, кейбір Орта Азия аймақтары, оңтүстік Ресей, солтүстік Қытай, кей Иран аумақтары, солтүстік Ауғанистан, кейбір Шығыс Еуропа мен Анатолия аумақтары жатған.

Еуразиялық көшпенділердің геополитикалық дүние көзқарасы

Бұл Еуразияның аумақтарына біз шартты түрде «Номадленд» деген атын береміз, атақты Хэлфорд Маккиндердің «Хартленд» (өзек, жүрегі) концепциясы сияқты.

«Номадленд» әр жағыннан отырықшы «сарт» халықтармен қоршаған. Бұған біз «Сарттық римленд» (Сарттық сақина) деп атын қоямыз, басқа атақты Николас Спикменның «Римленд» (сақина аумақтары) концепциясының саркастикалық аналогия бойынша.

Осылай, көшпелі халықтардың дүние көзқарасына сәйкесінше, Көшпелі өркениетінің жүрегі Сарттық өркениетінің халықтар мен империялар мен қоршаған еді.

Номадленд пен Сарттық сақинадан басқа тағыда бір «аралық сақина» болған – «Жартылай-көшпелі римленд». Оған екі өркениеттің шекарасында (фронтирде) тұрған халықтар кірген – кей кезде екі өркениеттің белгілерін мен дәстүрлерін тұтастырған.

Бұл Жартылай-көшпелі сақинаның құрамына көбінесе көшпелі жаулаушылардың ұрпақтары кірген. Олар «сарт болып қалу» жүрісінде біртінде отырықшы болып, өз көшпелі мәнін жоғалтқан. Дегенмен, керісінше де болған – отырықша «сарттар» өз қалауымен еркін көшпелі халықтарға қосылған. Осындай жартылай-көшпелі халықтарға казак (казачество), татар, табғаштар, Көшпелі өзбек мемлекеттің бөліну және отырықшы болып қалу кезіндегі өзбектер, Тимурид, Бабурид, мажарлар, ережелгі ұығырлар, Османдар және т.б. секілді халықтары мен топтары жатқан.

Әріне, бұл мақалада текқана Еуразиялық көшпенділер қарастырған, себебі олар үш мыңжылдық бойы сәтті өмір сүрген, көп ғасырлар бойы планетадағы ең озат өркениеті болған,  толық-жарамды Көшпелі өркениетін құрастырған. Африка мен екі Американың көшпенділері тыс жағында қалған, себебі бұл бөлек әңгіме екен.

******

Осылай біз болашақ халықаралық, регионалдық және глобалдық «пан-номадизм» жобаның негіздерін белгілейміз. Оның идеологиясы бүкіл «сарттық» идеологиялардан тіпті басқа, сонымен қатар олардың көбінен көбірек инклюзивтік (көпке ашық) болып табылады.

Пан-номадизм бүгінгі әлемнің көшпенділердің ұрпақтарына келешек мәдениеттік біріктіруіне келтіретін желім-клей болып қалу мүмкін.

 

Данияр БАЙДАРАЛЫ
Алматы 2021

Комментарии