Молдағасымова деген кім?

3676
Adyrna.kz Telegram

МОЛДАҒАСЫМОВА КІМ???

40-тан астам алматылық дәрігер журналистерден көмек сұрады. Күні кешеге дейін жүздеген, мыңдаған жанды ажалдан арашалап қалған ақ халаттылар бүгін шарасыз халде. Қаланың Бас санитары Айзат Молдағасымованың үстінен шағым айтқан олар әділдік іздейді.

Алматы тұрғындары 1 ай бойы үйден шықпай, карантинде отыр. Бар сенетініміз - әуелі Алла, сосын - дәрігерлер. Өкінішке қарай, дертімізге дауа табатын абзал жандардың 200-ден астамы COVID-19 вирусын жұқтырып алып, емделіп жатыр. Ал жұқпағандарын Молдағасымова сияқтылар қысымға алып, жұмыс істеуге мүмкіндік бермей отыр. Күні кеше ғана Жамбыл облысындағы Денсаулық сақтау басқармасында дәрігерлерге қысым жасаған апалы-сіңілі екеуден Толқынай Ордабаева сияқты жас мамандардың арқасында құтылып едік. Молдағасымованың үстінен шағым айтылғалы айдан асты. Неге шара қолданылмайды? Менің отбасымда 6 адам бар: жолдасым, өзім және 4 балам. Індеттен қорқып, үйден аттап баспағалы ай болды. Ауырып жатқандар тез жазылсын, вирус тоқтасын, дәрігерлер тоқтатады деген үміт әрі сеніммен отырмыз. Yelzhan Birtanov мырза, қызметкеріңізге шара қолданыңыз! Сіз, ҚР Денсаулық сақтау министрлігіндегілер, сондай-ақ, Молдағасымова сияқты қызметкерлер менің және басқа да миллиондаған азаматтың салығының арқасында айлық алып отырсыздар! Дұрыс қызмет көрсетуді талап етем! Дәрігерлерге ауруларды емдеуге және COVID-19 індетін елде таратпауға жағдай жасаңыз! Алматы республика бойынша 1-орынға шықты аурулар саны жағынан. Тоқтатыңыздар індетті! Дәрігерлерге арнайы киім, респираторлық маскалар, көзілдіріктер мен антисептиктер, қажетті құралдар толық берілсін. Молдағасымова карантин біткенше қызметінен шеттетілсін. "Разборканы" сосын жасайсыздар! Әзірге дәрігерлер ауруларды құтқарсын. Шара қолданыңыз! ҚР Президенті Қасымжомарт Тоқаевтың бұл келеңсіз жайттан қалайша хабары жоқ?! Бір айдан бері Молдағасымова заң жүзінде неге тезге салынбай отыр? Кім ол???

Karin Erlan Берік Уәли Городской Филиал НДП Нуротан НурОтан ХДП ЖасОтан ЖК кенсесi

Нәзия Жоямергеннің фейсбук парақшасынан

Төменнен дәрігерлер мен вице министрдің видеосын көріңіз

Пікірлер