Қазақстан Израильде шұғыл байланыс желілерін ашты

590
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/maqfuz0a3xpfndxnirtipaiv1nrwvuw1xrk7epgw.jpg

Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты Қазақстан Израильде шұғыл байланыс желілерін ашты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

«Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты, Қазақстанның Тель-Авивтегі елшілігі Израиль аумағында жүрген барлық Қазақстан азаматтарына Тыл басқармасының нұсқауларын қатаң сақтауды, қауіпсіздік шараларын күшейтуді, қырағылық пен сақтық танытуды, соңғы жаңалықтарды бақылап отыруды және Қазақстан елшілігімен үнемі байланыста болуды ұсынады. Қазақстан азаматтары үшін Израильде шұғыл байланыс желілері ашылды», - делінген Қазақстан елшілігінің хабарламасында.

Қазақстан елшілігінің байланыс нөмірлері (Израиль):

+972 (3) 503 78 85 – кезекші нөмір

+972 53 635 19 83 – мобильді, WhatsApp

+972 55 273 38 13 – мобильді, WhatsApp

+7 700 111 31 96 – WhatsApp

Еске салсақ, жұмаға қараған түні Израиль Иранның ядролық нысандарына әуе соққыларын жасаған болатын.

Комментарии