Көкшетауда Ақмола облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVIII сессиясы өтті

220
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/whatsapp-image-2025-06-11-at-17.14.24-960x500.jpeg?token=3c4069ebcf982e89b744790ba2ac6d69
Көкшетауда өткен Ақмола облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVIII сессиясы – АНК-ның 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шара ғана емес, қоғамның болашағы, ел бірлігіне әр азаматтың жауапкершілігі туралы мазмұнды диалог алаңы болды. Залда күнделікті өмірде ұлтаралық келісім мен татулықты нығайту жолында еңбек етіп жүрген, ауылдарда, мектептерде, колледждерде, мәдени орталықтар мен спорт залдарында халыққа қызмет көрсетіп жүрген азаматтар жиналды. Сессияны Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ашып, Ассамблеяның маңызын атап өтті. Оның пайымдауынша, Ассамблея – пікір алмасуға арналған алаңнан гөрі, қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету, азаматтық белсенділікті арттыру және өзара құрмет пен ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруға арналған нақты құрал.
«Бүгін біз бәріміз анық түсінуіміз керек: Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі мәдени мұраны сақтау шеңберінен асып түседі. Бұл – түрлі этнос, мәдениет пен дәстүр өкілдерін ортақ қазақстандық құндылықтар – бірлік, өзара құрмет пен азаматтық жауапкершілік төңірегінде біріктіретін басты қоғамдық платформа», – деді облыс басшысы.
Марат Ахметжанов сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астанада өткен XXXIV сессиядағы мемлекеттік тілді нығайту, жастар арасында төзімділікті тәрбиелеу және қоғамдық институттардың рөлін арттыру жөніндегі ұсыныстарын орындау – өңір үшін маңызды міндет екенін жеткізді.
«Ұлтаралық және қоғамдық келісім – жай идеологиялық ұран емес. Бұл – нақты саясат, нақты мақсат. Біз бейбітшілікке негізделген орта қалыптастыруымыз керек. Ассамблея осы жұмыстың алғы шебінде болуы тиіс», – деді ол, әр аудан мен өлкеде нақты жобаларды жүзеге асыруға үндеу жасай отырып.
Сенат депутаты, Ассамблея мүшесі Геннадий Шиповских өз сөзінде АНК-ның 1995 жылы консультативтік орган ретінде құрылғанын еске түсіріп, бүгін ол 13 бағдарлама бойынша нақты іс-шаралар жүргізіп, елдің қоғамдық-саяси өмірінде салмақты орын алған халықаралық деңгейдегі құрылымға айналғанын атап өтті:
«Ассамблеяның бастапқы миссиясы – консультациялық орган болу еді. Қазір ол тек сақталмай, мықтырықтай түскен құрылым. Бүгін бізге декларациялар емес, нақты нәтижелер – нақты үлес қажет», – деді депутат.
Ассамблеяның ізгі ниет елшісі, Гиннес рекордтары кітабының рекордшысы Сергей Цырульников тыңдаушыларға «1000 ауыл» жобасының нәтижелерін таныстырып, шынайы үлгі көрсетті. Ол:139 ауылды қамтып, 70 мыңнан астам баланы спортқа тартуды ұйымдастырған; аз қамтылған отбасыларға 500-ден астам өрт дабылын орнатқан; барлық бастамаларды бюджет есебінен тыс, өз қаржысы мен серіктестерінің демеуі арқылы жүзеге асырғанын айтты.
«Мен – Шортанды ауданының Новокубанка ауылының қарапайым жігітімін. Батырлық – бұл ертегідегі ерлік емес, дәл қазір өз ауылың мен елің үшін істеген нақты істер», – деді Сергей Цырульников.
Сессия барысында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында колледж оқытушыларының WorldSkills қозғалысы мен кәсіби шеберлік конкурстарына студенттерді тарту, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар жастарды қолдау мәселелері қаралды. Әрі қарай мәдени бағыт та назардан тыс қалмады: «Ел бірлігі» гранттары аясында этномәдени бірлестіктерге бөлінетін қаржы 5 млн-ға дейін ұлғайып, тіл курстары мен мерекелік шараларды кеңейтуге мүмкіндік беріп, ұлттық патриотизмді нығайтуға қызмет ететіндігі айтылды. Сессия соңында «Қазақстан халқы Ассамблеясына – 30 жыл» мерейтойлық медальдері ұлтаралық диалог пен татулықты нығайтуға үлес қосқан бірқатар азаматтар мен қоғамдық ұйым өкілдеріне табысталды. XXVIII сессия идея мен нақты іске қосылған жобаларды ұштастыра отырып, қоғам бірлігін нығайту мен өңірлерде татулықты дамытудың нақты қадамдарын анықтады.
Комментарии